• 1

    Республика Казахстан, Алматинская область, Каратальский район, село Кокпекты, улица Сейфулина 18. Телефон: 8 (72-834) 2-83-42

  • 3

    Республика Казахстан, Алматинская область, Каратальский район, село Кокпекты, улица Сейфулина 18. Телефон: 8 (72-834) 2-83-42

  • 5

    Аким сельского округа - Батырбаев Бопы

    Телефон: 8 (72-834) 2-83-42

  • 9

    Республика Казахстан, Алматинская область, Каратальский район, село Кокпекты, улица Сейфулина 18. Телефон: 8 (72-834) 2-83-42

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, 2016 жылдың 4 тамыз күні Айту би ауылдық округінің ұйымдастыруымен Көкпекті ауылындаауыл тұрғындары және аудан қонақтарының қатысуымен мәдени іс-шара өткізілді. Ауылымыздың Төлеген атындағы орталық мешітінде бабалар рухына арнап құран оқытылды. Көкпекті ауылы Ж.Молдағалиев атындағы МДШО бар мектеп алаңына киіз үйлер тігіліп, ақ дастархан жайылды. Шараны аудан әкімі Қ.Бисембаев мәдениет күнінің ашылуына байланысты құттықтау сөзімен ашты.

Мәдени шара «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» бағдарламасы бойынша ұлттық қолөнер шеберлері және кітап көрмелерімен басталып, «Өркендей бер мәңгілік Қазақстан» тақырыбында концерттік бағдарламасымен түрлі қойылымдар болды.

Салт-дәстүрді насихаттау, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту мақсатында ұмыт болған асық ату, арқан тартыс, қол күрес сияқты ұзақ тарихы бар қазақтың ұлттық ойындар ойнатылды. Жеңімпаз атанғандарғаарнайы сыйлықтартабыс етіледі.

Шара соңында Айту би ауылдық округінің әкімі Батырбаев Бопы Тобажанұлы сахна төріне Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі Аңдаспаев Сержан Ерболатұлы мырзаны шақырып «Тайқазанды» табыстады. Концерттік бағдарламаны ауданнан келген қонақтарымыз жалғастырады.

23.66

23.67

23.68

23.69

23.71

23.72

23.73

23.74

Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет. 27 маусым күні Қаратал ауданың әкімшілігінде 23- маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, салтанатты жиналыс болып өтті. Оған аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшылары, барлық мекеме басшылары, мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілері, сала ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Алғаш болып сахна төріне аудан әкімі Бисембаев Қайрат Әшірәліұлы көтеріліп, салтанатты жиналыстың баяндамасын жасады. Бұл мереке мемлекеттік қызметкерлердің мерейін өсіріп, қызметіне деген жауапкершілігін одан әрі арттыра түсті. Айту би ауылдық округінің бас мамандары қатысып, Рысбекова Айнұр Оразханқызы алғыс хатпен марапатталды.

Қоғам мен мемлекет арасындағы үлкен байланысты атқарып, жүргізетін ол мемлекеттік қызметшілер. Олардың мәртебесін көтеру үшін, мемлекеттік қызметшіні құрметтеу үшін осындай кәсіби мерекелік күн аталып өтіп жатыр. Бұл біздің мемлекеттік қызметтегі азаматтарымыз үшін де үлкен құрмет.

23.64

23.65

2016 жылдың 31 мамыры күні Айту би ауылдық округі,Ж.Молдағалиев атындағы МДШО бар орта мектебінің Айгөлек балабақшасында 1 маусым – «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мекересіне орай,мерекелік іс- шарасы өткізілді. 1- маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтетіндіктен, ол халықаралық мейрамдардың бірі болып саналады.
Мерекелік іс-шараны Айту ауылдық округі әкімі Б.Батырбаев пен жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы Қ.Дүйсенбаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Балғын балаларда өздерінің тарапынан дайындаған ән биімен көрініс қойып, өнерлі жастар өнерлерін ортаға салды. Іс-шараға 50-ге жуық оқушылар мен ата-аналар, ұстаздар қатыстып, түрлі ойындар мен сайыстар өткізілді. Асфальтта «Балалықшақ әлемі» сурет салу сайысы, шахмат сияқты тағы басқа ойындар болды. Ары қарай бүлдіршін балаларға әкімшілік аппараты дайындаған сыйлықтар таратылып, мереке соңында шаттық көніл күймен тарқасты.

23.52

23.53

23.54

23.55

23.56

23.57

23.58

23.59

23.60

23.61

23.62

23.63

Мамыр айынның жиырма бесінші жұлдызы - соңғы қоңырау... Бұл – мереке ата-аналар үшін қуанышты күн болса, оқушылар үшін қимас балалық шақпен қоштасу күні, сағыныш сезімін ұялатып, өткенге қайта оралтатын ертеңгі күнге сенімді серік етіп, үкілеген үмітті арқау ететін күн. Бұл күні Ж.Молдағалиев атындағы МШО бар орта мектебінде жылдағы дәстүр бойынша «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны болып өтті. Жиынға аудандық Айту би ауылдық округінің әкімінің орынбасары Байдолла Харипхан және жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы Қуаныш Дүйсенбаев, «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы Абақов Берік Нұртілеуұлы қатысты. Салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен басталды. Ауыл әкімінің орынбасары Байдолла Харипхан жас түлектерді құттықтап, сөз сөйледі. Аудандық «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы Абақов Берік Нұртілеуұлы жыл бойы үздік бағамен оқыған оқушыларды  алғыс хаттармен марапаттап, сертификат пен мадақтама қағазын салтанатты түрде табыс етті. Мектеп директоры Усенова Сауле Рымбаевна мектепұстаздары мен оқушылардыңжетістіктері туралы айта келіп, жас түлектерге ақ жол тіледі.

Мектеп бітіруші түлектерді 1 сынып оқушылары құттықтап, жас түлектерге ҰБТ-ті ойдағыдай тапсыруларына тілектестік білдірді. Мектеп бітіруші түлектер де мектепке, ұстаздарға деген ризашылықтарын өлең - жырмен жеткізді. Салтанатты жиын өте жоғарғы деңгейде өтті.

23.31

23.32

23.33

23.34

23.35

23.36

23.37

23.38

23.39

23.40

23.41

23.42

23.43

23.44

23.46

23.50

23.51

Айту би ауылдық округі, Көкпекті ауылының Ж. Молдағалиев атындағы МДШО бар орта мектебінде аланында 11 мамыр күні «Отан деп соққан жүрегім»атты әскери жарыс өтті. Жарыстың мақсаты- жастарымыздың отанға деген сүйіспеншілігін күшейту, өскелең ұрпақпен жас жеткіншектердің Қазақстанға деген патриоттық сезімін ұлғайту, алғашқы әскери дайындық туралы мәлімет беру және жастар арасында салауатты өмір салтының құндылықтарын жоғарлату.Бұл жарысқа 7 - 11 сынып аралығындағы мектеп оқушылары қатыстып, топтарға бөлініп бір - бірімен бақ сынасты. Жарыс кезеңдері сап түзеу, ән байқауы, бөлімшенің сапқа тұруы, сыртқы көрінісі, бөлімше командирінің рапорты жауынгерлік сәлемдесуі, ән айтып өту. Ойын барысы әскери шарттарға барынша жақын болды. Жастар қойылған шарттарды бар ынта жігерлерімен орындап, жарыс қортындысы бойынша 3 командалық жүлделі орын анықталды. Үздік бөлімше командирі және үздік топ көзге түсті. Жарыс соңында жеңімпаздары мадақтама қағаздармен марапатталды. Соңы мерекелік концертпен тарқасты.

23.10

23.11

23.12

23.13

23.14

23.15

23.16

23.17

23.18

23.19

23.20

23.21

23.22

23.23

23.24

23.25

23.26

23.27

23.28

23.29

23.30

logo-min-ru

enbek ru

баннер ПРЗ без-фона

Социальная помощь

19.03.20-kall

Сайт районного акимата

Прогноз погоды

Курсы валют

Календарь праздников

Праздники Казахстана