• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы, Сейфулин көшесі 18. Телефон: 8 (72-834) 2-83-42

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы, Сейфулин көшесі 18. Телефон: 8 (72-834) 2-83-42

  • 7

    Ауылдық округінің әкімі - Сағатбек Медет Серғазыұлы

    Телефон: 8 (72-834) 2-83-42

     

  • 10

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы, Сейфулин көшесі 18. Телефон: 8 (72-834) 2-83-42

Жуырда Көкпекті ауылының орталығынан орын алған «Ж. Молдағалиев» атындағы орта мектебінің іргетасы қаланғанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік шараның куәгері болдық.

6.12.17

Шарада аудан әкімі Қ. Бисембаев, аудан әкімінің орынбасары Қ. Қасымов, білім бөлімінің басшысы Қ. Оңғаров, бөлім, мекеме басшылары мен көптеген қонақтар, ауыл тұрғындарымен қатар мектеп ұжымы, ата-аналары киелі мектептің әсем безендірілген акт залында бас қосты. Бұл күні еңселі ордада ұзақ жылдар аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаздар мен білім ордасынан білім алып, өсіп-жетіліп, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, ел әлеуетінің артуына сүбелі үлес қосып жүрген әр жылдарда мектепті бітірген түлектер де аяулы мектебіне атбасын бұрды. Көп жылдардан бері бірін-бірі көрмеген түлектер мен ұстаздар қауышып, көздеріне еріксіз жас алып жатты. Иә, бұл сағыныш пен қуаныштың жасы еді!

6.12.17-1

Салтанатты шара бастамасында мектеп оқушылары көпшіліктің құрметіне ән-жырларымен қатар, тәттілерден шашу шашты. Әсем ән әуелетіп, мың бұрала би биледі. Артынша халық назарына тарихы терең, шежіресі мол мектеп тарихынан сыр шертетін бейне жазбалар көрсетіліп, бірінші Май ет совхозында 1965 жылы ашылған сегізжылдық мектептің өткені мен бүгіні баяндалды. Мерей тойға арналған салтанатты шара барысында сөз алған аудан әкімі Қайрат Әшірәліұлы белгілі ақын, қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жұбан Молдағалиевтың есімін иеленген қара шаңырақ жарты ғасырлық тарихында терең де тағылымды тарихи жолдан өтіп, биік белестерді бағындырғанын жеткізді. Бұл жолда әр жылдарда аянбай еңбек еткен мектеп директорлары Ізмұхан Байтаев, Нұрпәзіл Оңғаров, Құдайберген Көпенов, Төлеген Шәріпбаев т. б. және сапалы білімнің негізін қалаған білікті ұстаздар есімін атап, еңбектерін айрықша атап өтті. Сондай-ақ сол ұстаздардан білім алып, бүгінде әр салада жемісті еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қоса жүрген мектеп түлектерін атады. «Білім бәсекесінде тек ауылдық деңгейде ғана емес, аудан көлемінде зор маңызға ие мектептің 50 жылдық мерейтойы – ортақ қуанышымыз»,- деді аудан басшысы.

6.12.17-2

Ізгі лебізін мектеп директоры Сәуле Үсенова да жеткізіп, өңір азаматтарына алғысын білдірді. Туған жеріне туын тігіп, білім алған алтын ұяларын ұмыт қалдырмай қолдау көрсете жүрген бірқатар азаматтар мен ауылдың абыз ақсақалдары иықтарына шапан жауып, құрмет көрсетті. Мектепте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, бүгінде еңбек демалысындағы ұлағатты ұстаздардың шараға арнайы қатысуы мен оларға шәкірттерінің құрмет көрсетіп, кеуделеріне ақ жаулық жабуы кештің ерекше көрінісі болды. Ал мектеп ұжымының орындауындағы «Ұстаздар» әні әуелеген сәтте үлкен-кіші тік тұра қошемет көрсетіп, әнді қосыла орындай аяулы ұстаздарға деген сыйластықтарын аңғартты. Сонымен қатар, өмірден озған ұстаздарды да ұмыт қалдырмай оларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Шара табиғат аясында жалғасын тауып, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

6.12.17-3

Мектеп ауласына тігілген ақ шаңқан қазақ үйлерде кездесу ұйымдастырылып, туған жерден жырақта жүріп алтын ауыл, аяулы мектеп атын асқақтатып жүрген азаматтар «Мектепке тағзым» атты акциясына өз үлестерін қосты. Еңселі орданың елу жылдығына құр алақан келмеген азаматтар мектепке деген сый-сияпаттарын ұсынды. Әр салада қызмет етіп жүрген мектеп түлектері бірқатарын атап айтсақ, Базархан Байтаев, Жидебай Көпенов жүз мың теңгеден қаржылай көмек көрсетсе, Жарас Шарипов мектептің география пәні сыныбын тиісті жабдықтармен жабдықтап қуантты. Қанат Зорбаев мерейлі тойға бір малы мен түрлі түсті теледидарын тарту етті. Бүгінде ауылдың гүлденуіне ерекше үлес қосып жүрген Көкпектілік азаматтар тойға арнап бір жылқыларын сыйласа, мектептің 1971, 1974 жылғы түлектері білім ордасының бір-бір сыныбын қажетті жабдықтармен толықтырды. Ал 1972 жылғы түлектері түрлі-түсті принтер ұсынып, шараны ұйымдастыруға атсалысты. Бұл күні мектеп ұжымының ғана емес, ауыл тұрғындарының да қуанышы еселене түсті. Білім ордасының мерейтойын ел болып, ауызбіршілікте атап өтуі көңілге қуаныш сыйлады.

6.12.17-4

6.12.17-5

Қазан айының 10-ы күні №13 орта мектепте «Нұр Отан» партиясы Қаратал аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ең үздік отбасы» байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты- отбасы беделін көтеру, неке және отбасы құндылықтарын насихаттау, жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, қазақ халқының салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарын және бірлігі айрандай ұйыған жанұяларды насихаттау дегеніміз ләзім.

5.12.17-15

Жарыстың алғашқы кезеңінде отбасылар өздерін өлеңмен, әнмен сөзбен таныстырды. Бұл сайыста студияға келіп, қонақ ретінде өздерінің отбасын таныстырған Айту би ауылдық округінен келген «Дәндібаевтар» тобының тапқырлығы жоғары бағаланды. Білім сайысында топтар карточкалық сұрақтарға жауап беріп, қазақ халқының жора-жоралғылары туралы айтуы тиіс болды. Мәселен, «Қойбасты», «Ет қайтар», «Қол кесер» дегеніміз не ?» деген секілді сауалдарға отбасылар мүдермей жауап берді. «Қол өнер шебері» сайысында жарасымды жұптар өз қолыммен жасаған бұйымдарын көрсетті. Мұнда ас үй кәде сыйынан бастап жиде ағашынан жасалған жылан, сырқы пішіні қарай жасалған құс, бисерден жасарған қобдиша, тоқыма және тігу арқылы жасалған жылдың төрт мезгілінің белгісі, ұлттық стилдегі көрпелер таныстырылды. Ал «Өнер сайысында» отбасылар балаларынмен бірге ән салып, би билеп, бойындағы қарын-қабілеттерін көрсетті.

5.12.17-16

Қазылар алқасы сайысқа қатысушылардың еңбектерін саралап барынша әділ бағалады. Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегері, қазылар алқасының мүшесі Балтабек Какимов өз өнерлерін ортаға салған отбасылардың жақсы дайындықпен келгенің айтып, отбасылық өмірде бақытты болуларына тілектестік білдірді. «Нұр Отан» партиясы Қаратал ауданыдық филиалының бірінші орынбасары Жандос Теңелбаев ауданымызда үлгілі жанұялар көбейе берсін деген тілек айтып, жүлдегерлерді салтанатты жағдайда марапаттады. Нәтижесінде Бастөбе ауылдық округінен келген «Шаңырақ» тобы І орынды жеңіп алды. «Шаңырақтың» құрамындағы ардақты әке Қанат Жотабаев, асыл ана Кәмшат Жарылқасынова, қылығы тәтті балалар Ұлағат және Іңкәр Амангелді сый - сыйапатқа кенелді. Жас отбасы болса да жақсы қырынан танылған Айту би ауылдық округінен келген «Дәндібаевтар» отбасы жүлделі ІІ орынды иеленіп, Ерлан Дандыбаев пен Жадыра Мырзагулова жарасымды жұп ретінде құрметке бөленді. Ал Тастөбе ауылдық округінің намысын қорғап келген «Киелі ошақ» тобымен Балпық ауылдық ауылдық округінде тұратын «Зәкірбаевтар» отбасы ІІІ орынды тендей бөлісті. Жүлдегерлерге сүйіспеншіліктің, құрмет пен ымтымақтың ошағы саналатын отбасы құндылықтарын сақтауға қосқан үлестері, өскелең ұрпаққа үлгілі боларлықтай берекелі шаңырақ иесі болған үшін «Нұр Отан» партиясы аудандық филалының алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

5.12.17-17

5.12.17-18

5.12.17-19

Ағымдағы жылы Көкпекті ауылының тұрғыны жалғыз басты анамыз Рахымбаева Тұрсынжан Асқарқызына ауылдың белсенді жастары өз қаражаттарына үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.

5.12.17-6

5.12.17-7

5.12.17-8

5.12.17-9

5.12.17-10

5.12.17-11

5.12.17-12

5.12.17-13

5.12.17-14

 

Ағымдағы жылдың 3 қазан күні аудан әкімінің орынбасары Қ.Қасымов жанына бірнеше бөлім басшысы мен Айту би ауылдық окрігінің әкімі Б.Батырбаевты ала отырып, еңбек ардагерлерінің отбасына арнайылап барып, дидарласты. Қазан айының басындағы Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Өнегелі ұл мен қыз тәрбиелеген, немере сүйген ақсақалды әңгімеге тартып, одан Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын «Туған жер» тақырыбы турасында сыр бөлісуді сұрады. Көп жасаған жаса бар, көпті көрген басы бар қазыналы қария(өзайтуынша сексеннің екеуінде) тек Көкпекті мен Ақиық төңірегі ғана емес, жалпы Қаратал өңірінің байырғы жер атаулары даңқты бабалары, ер азаматтары мен өзінің еңбек жолы жайлы тартымды әңгімеледі. Аудандық және облыстық деңгейдегі газет қызметкерлері тарапынан берілген сауалдарға тұщымды жауап қайтарды.Зерделі қарияның жер-су атаулары мен аудан тарихына, мақтан тұтар азаматтардың ерен істеріне қатысты әріден қозған, беріден толғаған әсерлі әңгімесі жергілікті мамандардың көмегімен бейнетаспаға жасылып алынды. Екі жақты жарысты сұхбат мұнан соң кеңінен жайылған ақ дастархан басында жалғасты. Елдің сыйлысы, отбасының қадірмендісі атанған Балтабай аға сынды ауыл қарттарына ендігі айтпағымызды Сағи ақынның: «Дүниеге келер бір рет дария кеуде, тау мүсін. Құрыштан құйған құдірет, қарттарым, аман-саумысын?! Сағынып әлі жыртуары, оралар әлі-ақ сан жыршы. Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман –сау жүрші!» - деген өлең жолымен жеткізгенді құп көрдім. Саялы бәйтеректей ортамызда жүре бергейсіздер, ақ самайлы аталар мен ақ жаулықты аналар!

5.12.17-3

Отан сүйгіштікке тәрбиелеудің тиімді құралы

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың таяуда жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, калан мен өңіріне, яғни туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты. «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс» - деп көрсетті Елбасымыз бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Қ.Қасымов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Игенбаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Оңғаров, қаламгер Қараша Қараман Көкпекті ауылының байырғы тұрғыны, көргені мен көңілге түйгені мол, абыз ақсақал Балтабаев Галиевпен жүздесіп, өңір тарихына қатысты мол мағлұматқа қанықты.

5.12.17-4

Жастайынан еңбекке араласа жүре, ауыздан ауызға жеткен, көпті көрген көнекөз қариялалардан естіген шежіре мен тарихи оқиғаларды қалт жібермей құлағына құйып алған Балтабай атаның айтары жетерлік. Өткен ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келіп, еңбекпен есейіп, саналы ғұмырын мал шаруашылығына арнаған қария өткен-кеткен тарихты жаңылмай баяндай отыра сөз арасында: «Қазағым өсіп-өніп, көбейе берсін.Ұлдарымыз батыр, қыздарымыз дана болсын. Елімізден береке, әр шаңырақтан мереке кетпесін деген тілегін де жеткізді. «Елбасымыз «Туған жер» бағдарламасының мәнін түсіндіре келіп білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына назар аударды. Орта мектепте туған жердің тарихын оқыту ісіне көңіл бөлді. Бұл Отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімді құралы дер едім. Сондықтан мен де бұл істі қолдаймын. Қажет болған жағдайда ұстаздар мен оқушыларға өлке тарихынан сыр шертіп, билердің нақыл, даналық сөздерін айта беруге қашан да әзірмін»,-деп ақсақал. Жер жаннаты Жетісудің құрамдас өңірінің бірі Қаратал ауданы әулие, би, батырлар мекені саналады.

5.12.17-5

Қазір туған жерде мәңгілік мекенін тапқан қасиетті жандардың есімдері де танымал, ерлік даңқтары да Тәуелсіздіктің арқасында замандастарымызға белгілі болды. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дегендей сол даңқты бабаларымыздың бүгінгі ұрпақтары өз заманында дана болғандардың рухына сыйынып, аманатын ақтап, зор құрметке бөленіп келеді. Қаратал-көреген көсем Ескелді, Балпық,Жолбарыс, Қарымбай әулие мен Мықтыбек пен Тілеуғұл, Кәшке мен Бақай батырдың, Жөлмеңде, Айту, Майлыбай бидің, Пышан сазгердің, Қошым болыстың мәңгілік тұрағын тапқан жері. Даңқты бабалар кейінгі ұрпаққа бабадан балаға мұра болып «қадірін білсең, ар қымбат, бағалай білсең ар қымбат», «Ел бірлігі-менің тірегім», «Ерінбегеннің еңбегі жанады, үйіне қызыр қонады» т.б. аталы сөздер қалдырған-дейді Балтабай ата. Қазақ өнірінің майталмандары,сахна саңлақтары, Қазақстанның халық әртістері Қанабек Байсейтов, Бикен Римова, Шолпан Бәкірованың өшпес өнерлерінің қалған жері де осы Қаратал мекені екенін тілге тиек еткен ақсақал бақытын еңбектен тапқан көптеген Еңбек Ерлері мен кеудесін оққа төсеген Кеңес Одағы батырларының есімін ұлықтады. Сонымен қатар, киелі мекенде өсіп-өнген ақындар мен қаламгерлерді де тізбектеп, өз замандастары жайлы естеліктер айтты. «Тілімізді, өнерімізді, дініміз бен салт-дәстүрімізді насихаттап, болашақ ұрпақты халықтық тәрбиемен сусындата өсіреміз десек, өңір тарихы мен бабаларымыздың даналық сөздерінің маңызы ерекше екенін ұмытпай, бар мағлұматты жас ұрпаққа жеткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру біздің мақсатымыз екендігін естен шығармауымыз керек», - деді абыз ақсақал.

2017 жылдың қыркүйек айының 18 күні Айту би ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысының ұйымдастыруымен «Ж.Молдағалиев атындағы МДШО-сы бар орта мектебі Қожбан бастауыш мектебімен» КММ-де Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың   жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты   мақаласының мәні мен маңызын ауыл жастарының арасында талқылау және түсіндіру мақсатында    дөңгелек үстел  болып   өтті. Жастар талқылау барысында бағдарламалық мақалада белгіленген болашақта орындалатын міндеттерге қатысты баяндамалар дайындады.

Мақсаты:Елбасымыздың мақаласын насихаттау сенімділік, жеке белсенділік, төзімділік, патротизм, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау болып табылады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев мақаласының бірінші бөлігіндегі ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы модернизациялауға бағытталған басты бағыттарды көрсетіп, сондай-ақ болашақ үшін қуатты ұлт пен біртуар перзенттері болу керектігі туралы ой бөлісті. Президент ұсынған реформаларды жастар бірге қарастырып, талқыға салды.

Мақаланың екінші бөлігі біртіндеп қазақ тілін латын әліпбиіне көшуі, «Жаңа гуманитарлық білім», «Әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандық жүз жаңа есім», т.б. жобалар сияқты алдымыздағы жылдары орындалатын міндеттерден тұрады.

Кеш соңында жастар Елбасы ұсынған өзгерістер жаңа жағдайдағы мемлекетіміздің тұрақтылығын, бірлігі мен ынтамақтастығын бекітуге толықтай мүмкіндік жасайды деген қорытындыға келді.

5.12.17-2

logo-min-ru

Аудандық әкімдіктің сайты

enbek kz

баннер ПРЗ без-фона

Социальная помощь

19.03.20-kall

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана