• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы, Сейфулин көшесі 18. Телефон: 8 (72-834) 2-83-42

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы, Сейфулин көшесі 18. Телефон: 8 (72-834) 2-83-42

  • 7

    Ауылдық округінің әкімі - Батырбаев Бопы

    Телефон: 8 (72-834) 2-83-42

     

  • 10

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы, Сейфулин көшесі 18. Телефон: 8 (72-834) 2-83-42

Қаратал аудандық білім бөлімі 2018 жылдың 20 тамызында өткен дәстүрлі жалпы республикалық мектепке жол акциясына Айту би ауылдық округі бойынша әлеуметтік жағдайы төмен , көп балалы отбасынан шыққан үш оқушыға округ әкімі Б.Батырбаев және «Агро- инвест- Қаратал» ЖШС- нің басшысы Ян мектеп формасымен, оқу құралдары және басқада қажетті заттарын алып беріп демеушілік көмек көрсетті.

f4wse 1

Толығырақ...

3 маусым күні ардақты ұстаз, жаттықтырушы, қазақша күрестен спорт шебері Мадияр Шәріпбайұлы Разақовтың зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Көкпекті ауылында округ жастарының ұйымдастыруымен қазақша күрес, түйе палуан сайысы, салым көкпар ойындарынан жарыс өткізілді.

030618 1

Толығырақ...

2018 жылдың 1 маусым күні «Ж.Молдағалиев атындағы МДШО-сы бар орта мектебі Қожбан бастауыш мектебімен» КММ-де халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Бақытты балалық шақ!» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Аталған шараға 3 -10 жас шамасындағы бүлдіршіндер атсалысты. Кеш барысы қызықты өтіп, көрермендердің көңілінен шықты. Мәдениет үйі көркемөнерпаздары сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар түрлі қызықты ойындар өткізіліп, сахна төрінде өнер көрсеткен өнерпаздарға түрлі сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара соңында балаларға тәтті балмұздақ таратылды. Кеш барысы қызықты өтіп, көрермендердің көңілінен шықты.

010618 1

Толығырақ...

25 мамыр күні «Ауылым –алтын бесігім» «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жерге туынды тік» жобасы аясында ауыл әкімдігінің жанында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып жасалған ескерткіштің округ әкімі, ауыл тұрғындары мен жастардың қолдауы арқасында (800 мың теңге көлемінде) күрделі жөндеу жұмыстары аяқталап, аудан әкімінің орынбасары Қ.Қасымовтың қатысуымен ашылу салтанаты болды.

260518 8

Толығырақ...

«Ж.Молдағалиев атындағы МДШО-сы бар орта мектебі Қожбан бастауыш мектебімен» КММ-де 25- мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.     Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың  алтын ұя мектебімен қоштасуы, білім ордасына деген шын ықыластарын білдіруі, білім  берген ұстаздарға, тәрбие берген ата-аналарға  деген шын алғыстарын білдіру.

«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны мектеп ауласында өткізілді, алаң шарлармен, жалаушалармен,  гүлдермен безендірілді. Мектептің алғашқы әскери жетекшісі іс-шараға қатысушыларды сапқа тұрғызудан, ҚР-ның мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Мектеп түлектері үшін және сынып оқушылары үшін бұл салтанатты мерекенің өтілуі өзінің ерекше орнымен көзге түсті.

Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі аудан әкімінің орынбасары Қ.Қасымов, округ әкімі Б.Батырбаев, мектеп директоры С.Усеноваға берілді. Аталмыш адамдар мектеп түлектеріне, ұстаздар мен ата-аналарға деген шын ықыластарын білдірді. 

Биылғы жылғы мектеп үздіктерін марапаттау, оқу жылының аяқталуына байланысты бұйрықты оқу рәсімі директордың оқу жөніндегі орынбасары Г.Иманкуловаға берілді.

Жүректері лүпілдеп, алып ұшып тұрған мектеп түлектерін алғашқы ұстаздары, сынып жетекшілері, ата-аналар атынан сөз беріліп, ата-аналардың жылы лебіздері мен ізгі тілектері тыңдалды.

Мектеп түлектері өздерінен кейінгі өсіп келе жатқан іні-сіңілдеріне өсиеттерін оқып, білімнің алтын кілтін тапсырды. Осыдан кейін, мектеп түлектері үшін асыға күткен соңғы қоңыраудың әсем сазы, жүректі дір еткізер үні естілді.

250518 3

Толығырақ...

Шіркін, қаймағы бұзылмаған ауылды айтсаңшы! Ауасы- керім, суы-бал, топырағы құнарлы өңірден небір өнер майталмандары шыққан. Кезінде қолынан шашақты домбырасы түспеген небір дүлділдер өткен. Шүкір, казіргі таңда округте аға буынның өнерін жалғаған жас ұрпақ өсіп келеді.

Мәдениет үйінің жаныда «Ақ дариға» ақ кимешек киген әжелер отауы облыс төрінен келген қонақтарға қазақтың «қымызмұрындық» салт- дәстүрін көрсетті. Бірі күбе піссе, екіншілері мол дастарханда сары қымыз сапырып, саумал, қымыз, шұбат ұсынып, жеті шелпектен ауыз тиігізді. Бие сауылмас бұрын саумал, қымыз майы, берекелі болсын деген ниетпен маңдайына май жағып, жас балалар жылқыны жетектеу жоралғысын көрсетті.

Мерекелік алаңда ауыл тұрғындары жасаған ұлттық қолөнер бұйымдары мен қылқалам шеберлерінің туындылары жұртшылық назарын өзіне аударды. Алтын бесік аймақтың еңбеккер халқы ауылдың мәдениет үйлері тойында көңіл көтеріп, бір серпіліп қалды. Мәдениет тойына немересін ерткен ата - әжелер, ауылыдың тайлы - таяғы қалмай қатысып , жерлестерінің өнерін тамашалады.

Концерт шымылдығы Көкпекті ауылдық мәдениет үйінің қыздар вокалдық тобының орындауындағы «Астана кеші» әнімен ашылды. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына жас ақын Назерке Бауыржанқызы өз өлеңін арнаса, жас әншілер Әдемі және Ерсұлтан Оңдасын, Аружан Асылбек «Аялаған Астана» Балғын Жолдыбаева «Аяулы менің Астанам» әнін құйқылжытты. «Шұғыла» бишілер тобы «Шашу» биін мың бұрала биледі.

Ауылдың ажары ата-әжелермен көрікті емес пе? Сахна төріне көтерілген Көкпекті ауылдық әжелер ансамбілі «Бұлқынды жүрек» әнін нәшіне келтіре шырқап, әнге сусаған жұрттың шөлін қандырғандай болды. Жергілікті композитор Рақымғали Өтегеновтың «Қаратал» әнін айтқан Күлсін Есентаева мен Мая Керімбековаға жұрт сүйсініп,қошеметтеп отырды. Халық әні «Илигайды» Мөлдір Нұрлан ғана емес, барша жұрт қосыла шырқады. Көкпекті ауылдық мәдениет үйінің ұлдар вокалдық тобы «Нұр» аға әнін сәтті орындап шықты. Тойдың ең бір әсерлі тұсы - «Қарттар үйі» жайындағы драмалық көрініс болды. Казіргі таңда «Алдараспан» театры қойып жүрген, мыңдаған адамдарға ой салған қойылым ауыл төрінде де сәтті сомдалды. Ауыл тұрғындары бірде қарттар үйіне түскен ақсақал мен кейуананың қағытпаларына күлсе, енді бірде ата- анасын қарттар үйіне өткізген безбүйрек балаларына лағнет айтып, көздеріне жас алды. Фольклорлық ансамбілдің сүйемелдеуімен Әдемі Оңдасын халық әні «Тайбурылдың шабысы- айды» ерекше екпінмен айтса, ауылдың ақ әжесі Тұрсын Құрманбекова халық әні «Әпитөкті» әуелетті. Мереке шымылдығы Көкпекті ауылдық мәдениет үйі хорының орындауындағы «Мәңгілік ел» әнімен аяқтады.

Кеш соңында Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров сөз алды.

Армысыздар, ауыл тұрғындары! Концертке қатысушылар! Бүгін «Ауылым- алтын бесігім» жобасында өздеріңізбен кездескенімізге қуаныштымыз. Қаратал – әулиелер мекені, қаншама бабаларымыз жатқан жер. Сондықтан осындай киелі жерде, елде тұрып ұлттық рухта тәрбиеленбеудің өзі күнә болар еді. Кішкентай бөбектеріміздің жанын сала ән салып жатқаны біздің мәңгілік ел екенімізді көз жеткізгендей болды. Жаңа мәдениет үйін араладық, жанымыз ауырып отыр. Аядай бөлмеде отырып, бес саусақтай бірігіп, жұдырықтай жұмылып еңбек етіп жатқан мәдениет саласының қызметкерлерінің жанкештілігін, өзі ісіне деген адалдығын ерекше атап өткім келді,- деді Т. Ғұмаров.

Мерекеде ән мен күй , жыр мен би ағылып, күнделікті күйбең тірлікпен жүрген ауыл жұртшылығы тамаша тартуға риза болып, бір жасап қалды. Ақ шаңқан үйде ауыл халқына дастархан жайылып, атқа қонған апайтөс жігіттер көкпар тартып, ауылды дүбірге бөледі.

150518 4

Толығырақ...

logo-min-ru

Аудандық әкімдіктің сайты

enbek kz

баннер ПРЗ без-фона

Социальная помощь

19.03.20-kall

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана